Директордың поликлиника жөніндегі орынбасары - Төлеуова Әлия Асылбекқызы

Тулеуова А А

Медицина ғылымдарының кандидаты, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер.

Қазақстан Республикасының аккредитацияланған тәуелсіз сарапшысы.

1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын үздік бітірген.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жүйесінде 12 жылдан бері жұмыс істейді.

1996 жылдан 2006 жылға дейін Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласының жетекші емдеу ұйымдарында, оның ішінде Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық орталығы мен Интервенциялық кардиоангиология ғылыми-практикалық орталығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

"ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі", Қазақстан Республикасы Іс басқармасының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.