Мендықұлов Серік Ерсаимұлы - директордың хирургия жөніндегі орынбасары

"Ересектер кардиохирургиясы" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісімен марапатталған. 2009 жылдан бастап кардио-торакалды хирургия бойынша Еуропалық Қауымдастықтың мүшесі (The European Association for cardio-thoracic surgery).

Осы лауазымда 2016 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.

Аурухананың келесі бөлімшелерінің жұмысына жетекшілік етеді:

- 5 хирургиялық бөлімше;

- трансфузиология кабинеті бар операциялық блок;

- рентгенхирургия бөлімшесі;

- экстракорпоралдық гемокоррекция бөлімшесі;

- эндоскопия бөлімшесі;

- патологоанатомиялық бөлімше;

- орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі;

- амбулаториялық хирургия орталығы.

 

Білімі:

А.Н. Бакулев атындағы ЖТХҰО, РМҒА "Жүрек-қан тамырлары хирургиясы" мамандығы бойынша аспирантура Мәскеу қ., Ресей

Мамандығы бойынша жақын және алыс шетелдерде тағылымдамадан өтті (Ресей, Корея).